Индонезия қыркүйек айында шетелдіктерге шекарасын ашпайтын болды.
Сондай-ақ ел азаматтарына шетелге шығуға тыйым салынады, деп хабарлады Jakarta Post.
Бұған дейін ел билігі шекараны 11 қыркүйектен бастап ашуды жоспарлаған болатын. Алайда коронавирусқа байланысты бұл шешімді қайта қарауға мәжбүр болды.
Әзірге Бали билігі экономиканы қолдау үшін ішкі туристерді тартуға басымдық бермек.