421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Кореяда мектептер қайта жабылып жатыр

  • 163
  • UPD: 15:15, 25.08.2020
Оңтүстік Кореяда мектептер қайта жабылып жатыр

Оңтүстік Корея астанасы Сеулде, сонымен қоса Инчхон қаласы мен Кёнги провинциясындағы мектептердің көбі жабылып қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді балалар ертеңнен бастап 11 қыркүйекке дейін қашықтан оқиды. Биліктің тиісті шешім қабылдауына аталған өңірлерде коронавирустың өршуі себеп. 11-23 тамыз аралығында ұстаздар мен оқушылар арасында індетті жұқтырудың 193 дерегі расталған екен.

Айта кеткен жөн, Оңтүстік Кореяда оқу жылы наурызда басталады. Алайда биыл ол уақытта елде вирус өршіп, оқу жылының басталуы бірнеше рет кейінге шегерілді.

Хабар 24 телеарнасы