426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Испанияда коронавирус қайта өршіді

  • 175
  • UPD: 15:15, 25.08.2020
Испанияда коронавирус қайта өршіді

Соңғы бір тәулікте дерт 2 мыңнан астам адамнан анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Індеттің таралуы қайта күшеюіне байланысты Каталонияда шектеу шаралары қатаңдатылды. Автономия аймағында 10 кісіден артық адамның жиналуына тыйым салынған. Жоғарғы оқу орындарының студенттері мен мектеп оқушыларын тестілеуді қолға алу жоспарланып отыр. Айта кетейік, қазір Еуропада коронавирус жұқтырғандар саны бойынша Испания алда тұр. Пиреней түбегінде дертке шалдыққандардың жалпы саны 405 мыңнан асқан.

Фернандо Симон, Испания денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар жөніндегі орталықтың директоры:

– Соңғы бір аптада елде тағы 19 мыңнан астам адам коронавирусты жұқтырып алды. Бірақ дерттен қайтыс болғандардың қарасы біршама азайды. Дегенмен босаңсымау керек. Сондықтан азаматтардан сақтық шараларын сақтап, барынша абай болуды сұраймын.

Хабар 24 телеарнасы