420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


COVID-19: Италия өз вакцинасын клиникалық сынақтан өткізе бастады

  • 186
  • UPD: 15:14, 25.08.2020
COVID-19: Италия өз вакцинасын клиникалық сынақтан өткізе бастады

Зерттеуге 90 адам қатысады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сынақ бірнеше айға созылады. Содан кейін тексерістің екінші және үшінші кезеңі жүргізіледі. Оларды қазіргі кезде вирус ең көп таралып жатқан елдерде өткізу көзделіп отыр. Егер барлық тексеру жұмысы уақытында өтіп, екпенің тиімділігі дәлелденсе, вакцина келесі жылдың көктеміне қарай дайын болуы мүмкін. Айта кетейік, Италия – Еуропада коронавирустан ең көп зардап шеккен елдің бірі. Аппенин түбегінде 240 мыңнан астам адам дертке шалдығып, 35 мың науқас көз жұмған.

Франческо Вайа, Италия жұқпалы аурулар институтының директоры:

– Сынаққа қатысушылар екпе егілгеннен кейін 4 сағаттай дәрігерлердің бақылауында болады. Сосын үйлеріне жіберіліп, тағы 12 аптадай қадағаланады. Осы уақыт аралығында вакцинаның адам ағзасында вирусқа қарсы денелерді туғыза алатын қасиеті мен денсаулыққа кері әсерлері тексеріледі.

Хабар 24 телеарнасы