421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дубайлық компания әлеуметтік қашықтықты сақтаудың ерекше амалын ойлап тапты

  • 151
  • UPD: 15:15, 25.08.2020
Дубайлық компания әлеуметтік қашықтықты сақтаудың ерекше амалын ойлап тапты

Компания қызметкерлеріне үш түрлі түсті білезік таратылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әр түстің өз мағынасы бар. Мәселен, жасыл түсті білезік таққан қызметкер өзгелерге жанына жақындауға рұқсат береді. Сарысын таңдағандар қауіпсіз қашықтықты сақтауға шақырады. Ал қызыл білезік таққан қызметкерлер басқалардың аулақ жүргенін қалайды екен.

Мұхаммед Әбу Жүсіп, компания менеджері:

– Мен фотограф болып жұмыс істеймін. Қызмет бабымен көп адаммен жолығуға тура келеді. Үйде қарт кісілер бар. Олардың денсаулығына алаңдағандықтан, қауіпсіздік шараларын сақтауға мәжбүрмін. Сол үшін сары түсті білезік тағамын.

Хабар 24 телеарнасы