426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Израильде оқушылар алтын қазына тауып алды

  • 225
Израильде оқушылар алтын қазына тауып алды

Израильде оқушылар жүздеген алтын тиыннан тұратын қазына тауып алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Балалар көмбені жаңа үйлер салынып жатқан ауданнан тапқан. Археологтар алтын тиындар 1 мың жылдан астам бұрын соғылып, Аббасид халифаты заманындағы ақша екенін анықтап отыр. Ал құпия қазынаның иесі беймәлім.

Галит Таль, Израиль ежелгі заман басқармасының қызметкері:

– Бұл қазынаның құндылығы сол заманда осы аймақта халықаралдық сауданың жақсы дамығанын көрсетеді. Мысалы, Еуропада бұл кезде алтын айналымы азайып, төмендеп кеткен еді.

Хабар 24 телеарнасы