420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҰҰ туризм саласында қанша адам жұмыссыз қалатынын мәлімдеді

  • 151
  • UPD: 15:40, 25.08.2020
БҰҰ туризм саласында қанша адам жұмыссыз қалатынын мәлімдеді glonasstravel.com

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерреш пандемия салдарынан туризм саласында 120 млн-ға жуық адам жұмыссыз қалуы мүмкін екенін айтты.

– Жердегі әрбір оныншы адам туризм саласында еңбек етеді. Осы арқылы жүздеген миллион адам өз нәпақасын тауып жүр, – деді Гутерреш.

Бас хатшының мәліметінше, қазір бұл сала дағдарысты бастан кешіріп жатыр. 2020 жылдың алғашқы бес айында халықаралық туристік ағын жартыға азайған. Аталған қызмет түрінен түсетін табыс көлемі 320 млрд долларға кеміген.

«Бүгінде туризм саласында еңбек ететін 120 млн-ға жуық адамға қауіп төніп тұр. Олардың арасында әйелдер мен жастар көп», – деп мәлімдеді Гутерреш.

Хабар 24 телеарнасы