429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда бір тәулікте 60 мың адамнан коронавирус анықталды

  • 170
  • UPD: 21:39, 25.08.2020
Үндістанда бір тәулікте 60 мың адамнан коронавирус анықталды

Үндістанда коронавирус жұқтыру деректері бір тәулік ішінде 60 мыңға өсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал өлім көрсеткіші 848-ге артқан. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Індеттен ең көп зардап шегіп отырған аймақ – Махараштра, Тамилнад және Карнатака штаттары. Бұған қоса, соңғы уақытта Уттар-Прадеш пен Бихар өңірлерінде де вирус күшейді. Айта кетейік, Джонс Хопкинс университеті келтірген мәліметке сәйкес, Үндістан індеттен зардап шеккендер саны бойынша әлемде төртінші орында тұр. Осы уақытқа дейін мұнда 3 миллионнан астам азаматтан вирус табылған. 58 мың адам COVID-19-дың құрбаны болған. Десе де, елде індеттен жазылып шыққандар қатары да аз емес. Бүгінге дейін 2 миллион 400 мыңдай науқас ауруханадан шығып, отбасына оралған.

Хабар 24 телеарнасы