431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Чехия президентінің қолы сынды

  • 130
  • UPD: 11:18, 26.08.2020
Чехия президентінің қолы сынды

Чехия президенті ауруханаға түсті. МИлош ЗЕман теледидардан жаңалықтар көріп болып, креслодан тұра бергенде, шалынып құлаған. Салдарынан қолын сындырды.

Мемлекет басшысы қазір Прагадағы орталық әскери госпитальде жатыр.

Президенттің баспасөз хатшысының мәлімдеуінше, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Жалпы жергілікті ақпарат құралдары Милош Земанның ұзақ уақыттан бері аяғы ауырып жүргенін хабарлайды. Сол себепті жасы 76-ға жақындап қалған саясаткер таяққа таянып жүрген. Оқыс оқиға кезінде президент таяққа сүйенбей, өз бетінше тұрмақ болса керек. Енді оның госпитальде қанша уақыт жататыны әзірге белгісіз. Мемлекет басшысының жұмыс бағдарламасы оның денсаулық жағдайына байланысты өзгертіледі.

Хабар 24 телеарнасы