420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Испания коронавирустың екінші толқынын бастан кешіп отыр

  • 138
  • UPD: 17:50, 26.08.2020

Испанияда коронавирус індетінің таралуы қарқын алып барады. Жергілікті билік індеттің өршуіне тосқауыл қою жұмыстарына әскерилерді тартып жатыр.

Премьер-министр Педро Санчестің хабарлауынша, қажет болған жағдайда олар тұрғындардың оқшаулануын қамтамасыз етпек.

Айта кетейік, қазір Испанияда коронавирус жұқтырғандардың саны 500 мыңға жуықтады.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, соңғы тәулікте 7 мыңнан астам адам індеттің ілмегіне іліккен. Мамандар аймақта аурудың екінші толқыны басталып жатқанын айтады. Алайда осы жолы жағдай бұған дейінгідей күрделі болмайды деп болжам отыр.

Хабар 24 телеарнасы