426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бостандық аралында дауылдан мыңдаған баспана бүлінді

  • 162
  • UPD: 11:20, 26.08.2020
Бостандық аралында дауылдан мыңдаған баспана бүлінді

Кубада ойран салған Лаура тропикалық дауылы ырық бермей тұр. Табиғат апаты мыңдаған баспананың тас талқанын шығарды.

Дауылдан ең көп зардап шеккен Гранма мен Сантьяго-де-Куба провинциясы болды. Аймақта қатты желмен бірге нөсер жауын жауып тұр. Салдарынан өзендер арнасынан тасып кеткен. Желдің екпінінен ағаштар түп тамырымын опырылып, көпірлер қирап жатыр.

Құтқарушылар шамамен 316 мың адамды өзге жерге көшірді. Апаттан адам шығыны жайлы ақпарат түскен жоқ. Синоптиктердің болжамы көңіл көншітпейді. Айтуынша, жақын арада желдің екпіні одан бетер күшейеді. 

Мигель Диас-Канель, Куба президенті:

- Табиғат апатынан мыңнан астам баспана қирады. Аймақта лай көшкіні жүрген. Инфрақұрылымды шұғыл қалпына келтіру керек.

Хабар 24 телеарнасы