424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


COVID-19-бен ауырған бельгиялық үш айдан соң вирусты қайта жұқтырды

  • 193
  • UPD: 10:45, 26.08.2020
COVID-19-бен ауырған бельгиялық үш айдан соң вирусты қайта жұқтырды

Еуропада коронавирустық инфекцияны қайта жұқтырудың кем дегенде екі жағдайы тіркелді.

Нидерландтық қарт адам коронавируспен екінші рет ауырды. Белгілі болғандай, оның иммунитеті әлсіреген.

Сонымен қатар Бельгия тұрғыны да COVID-19 вирусын қайтадан жұқтырған. Дәрігерлердің айтуынша, ол үш ай бұрын аурудың жеңіл түрімен ауырғандықтан, ағзасында антиденелер жеткілікті деңгейде қалыптаспаған.

Бұған дейін вирусолог коронавирусты қайта жұқтыру қаупін иммунитетпен байланыстырған болатын.

Хабар 24 телеарнасы