431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таиландта туризм саласы тұралады

  • 113
Таиландта туризм саласы тұралады

Таиландта туризм саласының тағдыры коронавирустың таралуына тәуелді болып тұр. Өйткені індет салдарынан елге ағылған туристер саны күрт азайып кеткен.

Бұған тікелей ықпал етіп отырған мәселе - елдер арасындағы шекараның жабық болуы. Ресми деректерге сүйенсек, ағымдағы жылдың қаңтарынан бері Таиландта туризмнен келетін табыс 70 процентке қысқарған. Туризмді табысы көзіне айналдырған ел үшін бұл ауыр соққы болып отыр. Өйткені эпидемияға дейін Тай елі жыл сайын 23 миллионнан астам шетелдік саяхатшыны қабылдайтын.

Айта кетейік, коронавирус басталғалы бері оңтүстік-шығыс Азия елінде 3 мыңнан астам адам вирус жұқтырған. 58 азамат қайтыс болды.

Хабар 24 телеарнасы