Ауғанстанның шығысындағы Чарикар қаласында нөсер жауын салдарынан болған су тасқынынан кемінде 30 адам қаза болды.
Бұл туралы France-Presse агенттігі Ауғанстан билігіне сілтеме жасап хабарлады.
TOLOnews телеарнасының хабарлауынша, табиғи апаттан 60 адам жарақат алған.
Ал құрбан болғандардың дені – әйелдер мен балалар.