426,25 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мексикада коронавирус құрбандарының саны 60 мыңнан асты

  • 168
  • UPD: 13:16, 26.08.2020
Мексикада коронавирус құрбандарының саны 60 мыңнан асты

Латын Америкасында коронавирустың таралу қарқыны бәсеңдемей тұр. Мәселен, Мексикада індет құрбандарының саны 60 мыңнан асып кетті.

Мемлекет вирусты жұқтырғандар саны бойынша әлемдік антирейтингте жетінші орында болғанымен өлім көрсеткіші бойынша АҚШ пен Бразилиядан кейін үшінші орында тұр.

Бразилия демекші, мұнда жуырда індеттен айығып шыққан президенттің үлкен ұлы, сенатор Флавио Болсонарудың вирус жұқтырғаны белгілі болды.

Чилиде де жағдай оңып тұрған жоқ. Мұнда расталған деректер саны 400 мыңнан асып кетті.

Ал көрші Аргентинада кейінгі тәулікте коронавирусты жұқтырудың 8713 дерегі расталды. Бұл бір күнде тіркелген антирекорд болып отыр. 

Алехандро Коста, Аргентина денсаулық сақтау министрлігінің өкілі:

- Өткен тәулікте вирус жұқтырғандар саны бойынша да, кісі өлімі бойынша да антирекорд орнады. Бұған дейін естеріңізде болса, 3 тамызда тіркелген есеп есті шығарып еді. Ол кезде 7992 адамның індетті жұқтырғаны расталды. Ал КОВИД-19 құрбандарына келсек, 2 тамызда 144 адам қайтыс болып, қабырғамыз қайысқан.

Хабар 24 телеарнасы