424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда тұрғын үй апатынан қаза тапқандар саны 16-ға жетті

  • 153
  • UPD: 12:12, 26.08.2020
Үндістанда тұрғын үй апатынан қаза тапқандар саны 16-ға жетті

Үндістанның Махада қаласында дүйсенбі күні кешке бес қабатты тұрғын үй құлаған.

Апаттан қаза тапқандар саны бүгін 16 адамға жетті, деп хабарлады Times of India.

Оқиға орнында құтқару операциясы жалғасуда.

Бұған дейін құтқарушылар үйінділер астынан 60 адамды құтқарып алып шыққан еді, оның ішінде төрт жасар бала да болған.

Бой көтергеніне 10 жыл болған бесқабатты тұрғын үйдің құлауына толассыз жауған жауын себеп болуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы