420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та дауылға байланысты жарты млн адам эвакуацияланды

  • 128
  • UPD: 14:39, 26.08.2020
АҚШ-та дауылға байланысты жарты млн адам эвакуацияланды

Американың Техас және Луизиана штаттарында «Лаура» дауылының жақындауына байланысты жарты млн-нан астам адам эвакуацияланып жатыр, деп хабарлады Reuters.

420 мыңнан астам Техас тұрғыны мен Луизианадағы 200 мың адамды эвакуациялау туралы бұйрық берілді.

Дауыл бүгін түнде Америка жағалауларына соғады деп күтілуде.

Мексика шығанағында дауылға байланысты мұнай өндірісі де уақытша қысқарады.

Бұған дейін Техаста екі тропикалық дауылға байланысты төтенше жағдай режимі енгізілген болатын.

Хабар 24 телеарнасы