421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өте сирек болса да кездеседі – ДДСҰ коронавирустың қайтадан жұғуы туралы

  • 142
  • UPD: 15:32, 26.08.2020
Өте сирек болса да кездеседі – ДДСҰ коронавирустың қайтадан жұғуы туралы

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты қайта жұқтыру мүмкіндігін жоққа шығармайды. Ұйым өкілдері Гонконгтағы оқиғаға қатысты осындай түсініктеме берді.

Естеріңізге сала кетсек, жуырда арнайы әкімшілік ауданда ер адамның індетті қайта жұқтыру дерегі расталған. 33 жастағы тұрғын сәуірде ауруханадан құлан таза айығып шыққан. Жуырда ол Испанияға барып келгеннен кейін әуежайда міндетті тексеруден өткенде тест оң нәтиже көрсеткен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері бұған дейін де әлемнің түрлі елдерінде қайта жұқтыру туралы ақпарат келіп түскенін айтады. Алайда олар бірлі-жарым оқиға болған. 23 миллионға шаққанда небәрі бір деректен ғана келеді екен.

Хабар 24 телеарнасы