426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Армения астанасында тұрғын үй құлады

  • 218
  • UPD: 14:57, 26.08.2020
Армения астанасында тұрғын үй құлады

Ереванның Канакер-Зейтун ауданындағы тұрғын үйде газ жарылып, ғимарат құлаған.

Қазір оқиға орнында құтқару жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлады ТАСС.

Алдын ала мәліметтер бойынша апаттан екі адам жарақат алған.

«Жарылыс салдарынан тұрғын үйдің 12 пәтері құлады. 19 адам үйінділер астынан шықты. Құтқарушылар үйінді астында қалып жарақат алған екі адамды шығарып алды. Бір тұрғынның тағдыры әлі белгісіз, құтқару жұмыстары жүріп жатыр», - деді елдің төтенше жағдайлар министрі Феликс Цолакян.

Жарылыстан зардап шеккен тұрғындар уақытша баспанамен қамтамасыз етіледі.

Хабар 24 телеарнасы