420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Украина шекарасы шетелдіктер үшін жабылады

  • 166
  • UPD: 17:23, 26.08.2020
Украина шекарасы шетелдіктер үшін жабылады

Украинаның министрлер кабинеті коронавирусқа байланысты шекарасын қыркүйектің аяғына дейін жабу туралы шешім қабылдауға ниетті.

Бұл туралы ria.ru елдің премьер-министрі Денис Шмыгальға сілтеме жасап хабарлады.

«Аурудың өсу деңгейіне байланысты біз отандастарымызды қорғап, шетелдік серіктестерімізге жауапкершілікпен қарауымыз керек. Үкімет қыркүйек айының соңына дейін шетелдіктер үшін шекараны жабу мәселесін қарастырады», - деді.

Украинада COVID-19-дың 110 085 жағдайы тіркеліп, 2354 адам дерттен қайтыс болған. Ал 53 454 адам сауығып шыққан.

Хабар 24 телеарнасы