426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германияның бес өңірі шектеу шараларын қатаңдатады

  • 187
  • UPD: 21:50, 26.08.2020
Германияның бес өңірі шектеу шараларын қатаңдатады

Жаңа тәртіпті алғашқылардың бірі болып Бавария енгізбек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сөйтіп аймақта адам көп жиналатын жерлерде бақылау күшейеді. Тәртіпке бағынбағандарға салынатын айыппұл көлемі де жоғары. Бұрын Баварияда бетперде кимегендер 150 еуро айыппұл төлесе, енді оның мөлшері 250 еуроға артты. Тәртіпті екінші рет бұзғандарға 500 еуро айыппұл салынады. Үй жағдайындағы карантинді бұзғандар да жауапкершіліктен құтылмайды. Мұндай науқастар көшеге шықса, 2 мың еуро төлейді. Айта кетейік, мұндай шара коронавирус жұқтырғандардың күрт артуымен байланысты. Өткен сенбінің өзінде елде 2 мыңнан астам дерек тіркелген. Бұл сәуір айынан бері болмаған көрсеткіш.

Осама Хамоуда, Роберт Кох атындағы институттың бөлім басшысы:

– Қазір коронавирус жұқтыру деректері артып жатқанын көріп отырмыз. Дегенмен елдегі ахуал ақпан немесе наурыз айларындағыдай емес. Қауіпті инфекцияға шалдыққандардың басым бөлігі – 15 пен 50 жас аралығындағы азаматтар. Мәселен, Розенхайм қаласында індет басталған кездегідей 60-тан асқан азаматтар мен 5 жас дейінгі балалар арасында вирус жұқтыру деректері жоқ. Жалпы сырқатқа шалдыққандардың айтуынша, олар қатерлі вирусты саяхат кезінде жұқтырып алған.

Өткен тәулікте елде бір жарым мыңнан астам дертке ұшыраған. Мамандардың болжауынша, науқастардың 40 проценттен астамы вирусты шетелде жұқтырған. Германиямен көршілес Францияда да жағдай ұшқары. Ел билігі Париж бен Лазур жағажайын қауіпті аймақтар қатарына қосты. Енді ол жақтан келетін әрбір турист коронавирусқа тест тапсыруы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы