420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Кореяда он мыңдаған дәрігер жұмысқа шықпады

  • 224
  • UPD: 07:58, 27.08.2020
Оңтүстік Кореяда он мыңдаған дәрігер жұмысқа шықпады фото: russian.rt.com

Үш күндік наразылық акцияға үкіметтің 2022 жылдан бастап медициналық оқу орындарына қабылдау квотасын 10 жыл ішінде 4 мың адамға көбейту себеп болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екі медициналық қауымдастықтың айтуынша, қазірдің өзінде нарықта үлкен бәсекелестік байқалады. Дәрігерлердің пікірінше, үкімет қаржыны стажерлар жалақысын көтеруге және оларды аймақтарға баруға ынталандыруға жұмсау қажет. Дәрігерлердің ереуіліне байланысты Сеулдегі жалпы госпитальдардағы операциялардың саны екі есе азайды. Бүгін Денсаулық сақтау министрі Пак Нынг Ху медицина қызметкерлеріне дереу жұмысқа оралуға бұйрық берді. Одан бас тарту үшін дәрігерлер лицензиясынан, тіпті үш жылға дейін бостандығынан айырылуы мүмкін немесе шамамен 25 мың АҚШ доллары көлемінде айыппұл төлеуге мәжбүр болады. Оңтүстік Кореядағы дәрігерлер ереуілі қиын жағдайда өтіп жатыр. Бүгін ұзақ уақыт ішінде алғаш рет COVID-19-дың 320 жаңа оқиғасы тіркелді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, наразылық акциясына 163 дәрігер-стажер жұмыс істейтін медициналық мекеме қатысты.

Мон Джон Гу, Сеул қаласының тұрғыны:

- Менің ойымша, дәрігерлерге ереуілге шығуға болмайды. Олар медициналық мамандар санының көбеюіне қарсы, бірақ қарапайым жұрт олардың көп болғанын қалайды, өйткені қызмет сапасы жақсара түседі. Ауруханаларда заманауи техникамен жабдықталғанмен, медициналық қызметкерлер саны жеткіліксіз. Егер маман науқасын ауыр халде емдемей қалдырып кетсе, клиникадағы жұмысын тастап кетсе, оны «адам өлтіруші» ретінде жазалау керек.

Хабар 24 телеарнасы