426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Йеменде қаржыландырудың жоқтығынан ауруханалар жабылып жатыр

  • 158
  • UPD: 09:06, 27.08.2020
Йеменде қаржыландырудың жоқтығынан ауруханалар жабылып жатыр

Йеменде миллиондаған адамды аштық пен аурудан құтқарып жатқан денсаулық сақтау қызметтері бірінен соң бірі жабылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған қаржыландырудың жоқтығы кедергі болып тұр. Біріккен ұлттар ұйымының айтуынша, тек өткен аптада ғана негізгі 38 бағдарламаның 12-сі қысқартылған не толығымен жұмысын тоқтатқан. Қыркүйектің жиырмасына дейін де бағдарламалар жабылады деп күтілуде.

Айта кетейік, Йемендегі 5 жылдық соғыстан елдің денсаулық сақтау жүйесі мен экономикасы қатты құлдырады. Халықтың 80%-і көмекке мұқтаж. Миллиондаған азамат аштық тауқыметін тартып жүр.

Хабар 24 телеарнасы