428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мексикадағы ауруханалардың бірінде науқастарды емдеуге робот қолданылады

  • 217
  • UPD: 08:55, 27.08.2020
Мексикадағы ауруханалардың бірінде науқастарды емдеуге робот қолданылады

Мексиканың Сан-Николас-де-Лос-Гарса қаласындағы аурухананың бірінде коронавирусқа шалдыққандарды емдеуге робот қолданыла бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Теми» деп аталған құлтемірдің міндеті – науқастарды аралап, дәрігерлердің олармен бейнебайланыс арқылы хабарласуына көмектесу. Робот жағдайы орташа науқастарды емдеуге пайдалынылады. Дәрігер құлтемірді қашықтан басқарып, науқастарды үйден де қарай алады. Айта кетейік, Мексикада індет таралғалы дертке 70 мыңнан астам дәрігер шалдыққан.

Луис Антонио Лувьяно Гарсия, дәрігер:

- Қазір ауруханада қызметкерлер жетіспей жатқанда құлтемірдің көмегі зор. Себебі, біз оны коронавирусқа шалдыққандар жататын бөлімдерге жібереміз. Қолымыз ұзарып қалды. Бұл дәрігерлерді вирустан да қорғайды.

Хабар 24 телеарнасы