426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 24 миллионнан асты

  • 149
  • UPD: 09:38, 27.08.2020
Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 24 миллионнан асты фото: © Depositphotos

822 мың науқас аурудан жазыла алмай көз жұмған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Індеттің таралуы бойынша АҚШ, Бразилия, Үндістан және Ресей көш бастап тұр. Құрама Штаттарда дертке шалдыққандардың саны 5 миллион 800 мыңға жетіп, кеселден 180 мыңнан аса науқас қайтыс болған. Бразилияда соңғы бір күнде вирус тағы 50 мыңнан астам адамнан анықталып, дертті жұқтырғандардың қарасы 3 миллион 720 мыңға жуықтады. Бұл мемлекетте кеселден 117 мыңнан аса науқас көз жұмған. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлем елдерін індетпен күресті бәсеңдетпей дерттің таралуына тосқауыл қою үшін бірлесіп күресуге шақырып отыр.

Хабар 24 телеарнасы