420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


NASA алдағы жылдары Айға әйел адамдардың аяқ басатынын мәлімдеді

  • 152
  • UPD: 09:41, 27.08.2020
NASA алдағы жылдары Айға әйел адамдардың аяқ басатынын мәлімдеді

NASA-ның Айды зерттеу бағдарламасы аясында бірнеше жылдан кейін әйел ғарышкерлер Жердің осы серігінің бетіне аяқ баса алады.

Бұл туралы АҚШ ғарыш агенттігінің директоры Джим Брайденстайн мәлімдеді, деп жазды korrespondent.net.

«2024 жылға қарай Айға ғарышкер әйелдер мен ерлердің баруы америкалықтарды осы мақсатқа жетуге шабыттандыра алғандығымызға байланысты», - деді NASA басшысы.

Сонымен бірге Брайденстайн аталған бағдарламаның күлгін және алтын түстес реңктермен безендірілген эмблемасын ұсынды және оның әйелдер құқығы қозғалысының түсі екенін еске салды.

«Біз ғарышқа ұшқан NASA-ның әйел қызметкерлеріне, сондай-ақ болашақ нәзік жанды зерттеушілерге құрмет көрсетеміз», - деп қорытындылады ғарыш агенттігінің директоры.

Хабар 24 телеарнасы