Жаңа Зеландиядағы мешіттерге шабуыл: қылмыскер өмір бойы бас бостандығынан айырылды
- 304
- UPD: 09:51, 27.08.2020

Оның жазадан мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтініш беруге де құқығы жоқ.
Жаңа Зеландия Крайстчерч қаласындағы екі мешітте атыс ұйымдастырған 29 жастағы Брентон Таррантқа өмір бойы бас бостандығынан айыру туралы үкім шықты. Естеріңізде болса, қайғылы оқиға, салдарынан 51 адам көз жұмып, тағы 40 адам жарақат алған. Бұл туралы New Zealand Herald газеті хабарлады.
– Ол ешқашан түрмеден шыға алмайды, өмірінің соңына дейін абақтыда болады. Оның жазадан мерзімінен бұрын шартты түрде шығуына да құқығы жоқ, – делінген басылым мәліметінде.
Бұған дейін Таррантқа қатысты сот отырысы басталғанын хабарлағанбыз.