429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та «Лаура» дауылы күшейіп барады

  • 198
  • UPD: 10:00, 27.08.2020
АҚШ-та «Лаура» дауылы күшейіп барады

АҚШ-тың Техас пен Луизиана штаттарында «Лаура» дауылы күшейіп барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандар дауыл 4-ші деңгейге жетеді деп болжап отыр. Мәселен, соңғы 24 сағатта жел екпіні 70%-ке дейін артқан. Табиғаттың тосын мінезінен Хьюстон әуежайында рейстердің 60%-і сапарына шықпады. Жергілікті билік тұрғындарды қауіпсіз жерге көшуді сұрап отыр. Халықты эвакуациялау жұмысы әлі де жалғасуда. Уақытша баспанада гумантирлық көмек ұсыну үшін 700-ден астам маман тартылды. Жергілікті жұрт құм салынған қаптарды тасып, тасқынның алдын алу шараларына тартылған. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, аймақта толқын көтеріліп жағалау маңын су басты. Қазір дауыл Мексика шығанағынан сағатына 185 шақырым жылдамдықпен жақындап қалды. Айта кетейік, бұған дейін «Лаура» дауылы Куба, Гаити мен Доминикан Республикасын да ойрандатқан еді.

Хабар 24 телеарнасы