428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италияда қазақстандықтар мінген кеме апатқа ұшырады

  • 246
  • UPD: 09:59, 27.08.2020
Италияда қазақстандықтар мінген кеме апатқа ұшырады

Италияның жағалау күзеті Жерорта теңізінде Сардиния жағалауында болған кеме апатынан 17 адамды өлім аузынан аман алып қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ассашиэйтед пресс агенттігінің хабарлауынша, жолаушылардың арасында 9 экипаж мүшесі мен Қазақстаннан келген 8 турист бар. Барлығы дін аман. Бейнекадрлардан кемеде өрт шығып, су көлігі түгел жанып кеткені көрінеді. Абырой болғанда жолаушылар мен экипаж мүшелері дер кезінде шағын қайыққа отырып үлгерген. Құтқару жұмыстарына тікұшақ пен кемежай күзетінің 2 катері жұмылдырылды.

Хабар 24 телеарнасы