421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-тың Кеноша қаласындағы толқу басылмай тұр

  • 152
  • UPD: 10:17, 27.08.2020
АҚШ-тың Кеноша қаласындағы толқу басылмай тұр

АҚШ-тың Кеноша қаласындағы тәртіпсіздіктер әлі жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қала тұрғындары жексенбі күнгі оқиғаға байланысты кеше түнде тағы наразылық шеруіне шықты. Шаһарда коменданттық сағат енгізілгеніне қарамастан адамдар сот ғиамартының алдына жиналып, афроамерикалық Джейкоб Блейкті атқан полицейлерді жазалауды талап етуде. Тәртіп сақшылары шерушілерді тарату үшін көзді жасаурататын газ қолданды. Қақтығыс кезінде ешкім жарақат алмаған. Президент Дональд Трамп ахуалдың ушығуына байланысты шаһарға федералдық әскериленген бөлімшелерді аттандыратынын мәлімдеді. Ал, Кеноша мэрі қазір тәртіпті қалпына келтіру үшін барлық шаралар қолға алынып жатқанын жеткізді.

Джон Антарамян, Кеноша қаласының мэрі:

- Қаладағы жағдайды толық тұрақтандыру үшін барлық тараптармен келіссөз жүргізілетін болады. Бірақ тәртіп бұзуға, берекесіздіктің жалғасуына жол берілмейді. Біз жергілікті жұрттың сағат кешкі 19:00-ге дейін бейбіт шеру өткізуіне қарсы емеспіз. Алайда, коменданттық сағат басталған соң көшеге шығуға тыйым салынады. Заң солай.

Еске сала кетейік, жексенбі күні Кеноша қаласында полицейлер төбелесіп жатқан екі әйелді ажыратпақ болған Джейкоб Блейк есімді афроамерикалықты 7 рет атып, ол ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Оқиғаның соңы жаппай наразылыққа әкеліп, қақтығыстар басталды. Шаһарда бірден төтенше жағдай жариялап, ұлттық гвардия сарбаздарын енгізілді. Бірақ тәртіпсіздіктер басылмай бір күн бұрын қақтығыс кезінде 2 адам қаза туып, 1 кісі жарақат алды. Іске қатысты бір жасөспірім ұсталды.

Хабар 24 телеарнасы