420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауғанстанда су тасқынынан 100-ден астам адам көз жұмды

  • 162
  • UPD: 10:15, 27.08.2020
Ауғанстанда су тасқынынан 100-ден астам адам көз жұмды

Ауған халқын әбігерге салған су тасқыны 100-ден астам адамның өмірін қиды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың арасында балалар да бар. Бұған дейін «табиғат апатынан 72 адам мерт болды», деп хабарлаған болатынбыз.

Тағы жүздеген адам түрлі жарақат алған. Тасқыннан көбінесе елдің солтүстігі мен шығыс бөлігі қатты зардап шекті. 500-ден астам баспана жарамсыз күйге айналды. Чарикар қаласындағы аурухана қирағандықтан, мамандар ондағы науқастарды ел астанасы Кабул қаласына эвакуациялады. Жергілікті билік «апаттан қаза болғандардың саны өзгеруі мүмкін» деп отыр. Құтқарушылар үйінділер астынан әлі де адамдарды іздестіріп жатыр.

Ян Мохаммад, жергілікті тұрғын:

- Таңғы намазымызды оқып келгенде үйлеріміздің қирап жатқанын көрдік. Адам шығыны күннен күнге артып барады. Осы маңнан мерт болған 20 адамның денесін таптық.

Хабар 24 телеарнасы