428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирустан қатты зардап шеккен дамыған ел аталды

  • 218
  • UPD: 10:53, 27.08.2020
Коронавирустан қатты зардап шеккен дамыған ел аталды

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының мәліметі бойынша экономикасы дамыған елдер арасында Ұлыбритания коронавирус пандемиясының әсерінен қатты зардап шеккен, деп жазды BBC News.

Ұлыбритания экономикасы тарихта ең үлкен құлдырауды бастан өткерді, биылғы екінші тоқсанда ЖІӨ 20,4 процент төмендеді.

ЭЫДҰ-дегі 37 елдің экономикасы өткен үш аймен салыстырғанда 9,8 процент қысқарды, бұл бұған дейін болмаған ең төменгі көрсеткіш болып табылады.

Ұлыбритания экономикасы коронавирустың таралмауы үшін қабылданған шектеу шараларына байланысты құлдыраған.

Хабар 24 телеарнасы