420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Лондон тұрғыны Пикассо салған картинаны бүлдіргені үшін 18 айға түрмеге қамалды

  • 172
  • UPD: 17:00, 27.08.2020
Лондон тұрғыны Пикассо салған картинаны бүлдіргені үшін 18 айға түрмеге қамалды

Лондондық азамат өмірінің бір жарым жылдан астамын темір торда өткізеді. Себебі ол Пабло Пикассоның 1944 жылы салынған «Әйелдің кеудесі» деген картинасына қиянат жасады. Бұл туралы «Би-Би-Си» хабарлады.

Вандал туындыны былтыр 28 желтоқсанда  Лондондағы Тейт Модерн галереясында тұрған кезінде бүлдіргін. Ер адам әйгілі қылқалам шеберінің шығармасын бірнеше рет құлыппен ұрып, кейін кенепті шешіп алып, еденге лақтырған. Оның бұл қылығынан соң ұйымдастырушылар картинаны көрсетілімнен алып тастауға мәжбүр болды.

Бұзақылық істеген 20 жастағы Шаки Мэсси. Судья сот отырысында жігіттің бұл әрекетін «хайп» деп тапты. Ал күдіктінің өзі мұны «перформанс» деп түсіндірді.

Сарапшылар өнер туындысына 20 млн фунт стерлинг көлемінде шығын келді деп отыр. Қайта қалпына келтіру үшін 350 мың фунт стерлинг қаржы керек екен.  Жұмыс 18 ай ішінде атқарылады, дәл осынша мерзімге вандал да түрмеге қамалды.

Айта кетейік, Пикассо «Әйелдің кеудесі» картинасын 1944 жылдың көктемінде Парижде салып бітірді. Суретте автордың нақсүйері Дора Маар бейнеленген.

iz.ru

Хабар 24 телеарнасы