420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таррант – Жаңа Зеландияда сотталған алғашқы террорист

  • 174
  • UPD: 12:33, 27.08.2020
Таррант – Жаңа Зеландияда сотталған алғашқы террорист

Өткен жылы Жаңа Зеландиядағы екі мешітке шабуыл жасаған австралиялық азамат өмір бойы бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті ақпарат көздерінің хабарлауынша, аймақтағы сот бұндай үкімді алғаш рет шығарып отыр. Бұған дейін лаңкестікке барған 29 жастағы қылмыскер өз кінәсін мойындап, қорғаушыдан бас тартқан болатын. Сот отырыстарында ол өзін өзі қорғаған.

Естеріңізге салайық, 2019 жылы наурызда Крайстчерчте теракт жасаған австралиялық Брентон Таррант 51 адамды өлтіріп, тағы 49 тұрғынды жарақаттады. Белгілі болғандай, қылмыскер бұл әрекетін бір жыл бойы жоспарлап, дайындаған екен. Таррант Жаңа Зеландияда сотталған алғашқы террорист болады.

Хабар 24 телеарнасы