428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та «Лаура» дауылы соқты

  • 246
  • UPD: 13:31, 27.08.2020
АҚШ-та «Лаура» дауылы соқты

Бұл туралы Ұлттық дауылдың алдын алу орталығы (NHC) хабарлады.

Мамандар «Лаура» дауылы қаупі жағынан 5 балдық шкаланың 4-шісі деп отыр.

Орталық мәліметінше, Луизиананың кейбір ауданында жойқын дауылды толқындар, құйынды жел, су басу  байқалады. Желдің максималды күші сағатына 240 шақырым.

Poweroutage.com порталы Техас пен Луизианада қазір 190 мың абонент жарықсыз қалғанын жазды.

Бұған дейін «Лаура» дауылының ғарыштан түсірілген суреті жарияланған еді. 


Хабар 24 телеарнасы