424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғандар саны артып барады

  • 162
  • UPD: 15:47, 27.08.2020
Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғандар саны артып барады

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, бір күнде 441 адамға COVID-19 диагнозы қойылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті билік компания қызметкерлерін қашықтан жұмыс істеуге шақырады. Мамандар шіркеулер мен наразылық акцияда халық көп жиналғаннан кейін індет өршіп кеткенін айтады. Аймақта эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты әрі жергілікті тілшілердің бірі коронавирусқа шалдыққаннан кейін Үкімет парламент жұмысын уақытша тоқтатпақ. Індет жұқтырған журналист 50-ден астам адаммен қарым-қатынаста болған. Олардың арасында Демократиялық партияның 14 мүшесі бар.

Хабар 24 телеарнасы