426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Al Jazeera: Кипрде 2500 адам инвестициялық төлем арқылы азаматтық алған

  • 178
  • UPD: 15:50, 27.08.2020
Al Jazeera: Кипрде 2500 адам инвестициялық төлем арқылы азаматтық алған

Кипрде инвестициялық төлемдер арқылы азаматтық алған 2500 адамның тізімі жария болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың арасында дәулетті адамдар мен шетелдік шенеуніктермен қатар түрлі қылмысқа қатысы бар күдіктілер де бар. Бұл туралы Al Jazeera агенттігі хабарлайды.

Айта кетейік, 2017-2019 жылдар аралығында Кипр азаматтығын алғанын растайтын төлқұжат иелерінің ішінде екі қазақстандық азамат бар. Алайда, олардың қандай да бір заңсыз әрекеттермен байланысы бар-жоғы анықталмайды. Тағы шамамен бір мыңы ресейлік болса, 500-ге жуығы қытайлық азамат. Жалпы тізімде 70-тен астам елдің өкілдері кездеседі.

Еске сала кетейік, азаматтықты растайтын құжатқа дәмелі үміткерлер ел экономикасына 2 млн еуро мөлшерінде инвестиция құюы шарт болды. Сарапшылар болса, бұл шетел азаматтары үшін Еуропа елдеріне өтудің тиімді жолы болғанын алға тартады.

Хабар 24 телеарнасы