426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Давос форумы өтетін мерзім шегерілді

  • 157
  • UPD: 17:39, 27.08.2020
Давос форумы өтетін мерзім шегерілді

Коронавирус індетінен келер жылы қаңтарда Швейцарияның Давос қаласында өтуі тиіс Дүниежүзілік экономикалық форум келесі жылдың жазына ауыстырылды.

Себебі сарапшылар жұқпалы дерттен ауқымды іс-шараны қауіпсіз жағдайда өткізуге мүмкін болмайды деген шешімге келген.

Жиынның нақты қай кезде өтетіні кейінірек жарияланбақ. Ал форумның бас тақырбы «Пандемиядан кейінгі әлемдік экономика» болмақ.

Еске сала кетейік, Давос экономикалық форумы алғаш рет 1971 жылы «Еуропалық менеджмент форумы» деген атпен өткен. Уақыт өте кездесуде талқыланатын мәселелер көлемі кеңейіп, форум әлем басшылары мен ірі бірлестік өкілдері бас қосатын алаңға айналды.

Хабар 24 телеарнасы