429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Корея дауылдың кесірінен вируске тестілеу орталықтарын жапты

  • 205
  • UPD: 20:49, 27.08.2020
Корея дауылдың кесірінен вируске тестілеу орталықтарын жапты

Оңтүстік Кореяда Бави тропикалық дауылы соғып, елдің оңтүстік-батыс аймағын жайпап өтті.

Сағатына 130 шақырым жылдамдықпен ұйытқыған жел үйлердің шатырын ұшырып, ағаштарды құлатқан. 1 жарым мыңнан астам үй жарықсыз қалды. Дауылмен келген нөсерден елді мекендерді су басты. Чеджу қаласында 400-ден астам әуе рейсі кейінге шегеріліп, пойыздар тоқтатылды.

Сондай-ақ аймақтағы коронавируске тестілеу орталықтарын жабуға тура келді. Қазір табиғи апат салдарын жою жұмыстары жүріп жатыр. Ал синоптиктер Сеул мен елдің орталық аймақтарында тағы күшті жел тұратынын ескертіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы