429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бар болғаны 1350 адамға вирус жұққан ел халқы көлікте маска тағуға міндеттелді

  • 202
  • UPD: 17:48, 27.08.2020
Бар болғаны 1350 адамға вирус жұққан ел халқы көлікте маска тағуға міндеттелді

Жаңа Зеландияда автобус ішінде маскасыз жүрген жолаушыларға айыппұл салынатын болды.

Айыппұл мөлшері 658 АҚШ долларына дейін жетуі мүмкін. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі мәлімдеді.

Ведомство басшысының айтуынша, маска тағу тек қоғамдық көлікпен қатынайтындарға ғана емес, ұшақ жолаушыларына да міндеттелмек. Жаңа тәртіп келесі аптада күшіне енеді.

Айта кетейік, соңғы тәулікте аталған елде коронавирус жұқтырудың 7 жаңа дерегі тіркелді. Осылайша инфекцияға шалдыққандардың жалпы саны 1350-ден асты.

Хабар 24 телеарнасы