426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық әскери дәрігерлер Ливаннан оралды

  • 197
  • UPD: 20:54, 27.08.2020
Қазақстандық әскери дәрігерлер Ливаннан оралды

Арнайы мақсаттағы әскери-медициналық жасақ Ливаннан оралды. Қорғаныс министрінің орынбасары Руслан Шпекбаев елорда әуежайында дәрігерлермен салтанатты кездесу өткізді. 

Қазақстандық арнайы жасақ Ливанда екі аптадан астам уақыт болған. Әскери дәрігерлер Бейрут, Боуар, Сайда, Машгара қалаларындағы жергілікті тұрғындарға көмек көрсетіп, хирургиялық, травматологиялық және терапевттік емдеуге жұмылдырылды. Мамандар әскери госпиталь мен муниципалдық ауруханаларда жұмыс істеген. Сонымен қатар қазақстандық әскери дәрігерлер ливандық әріптестерімен бірлескен ем жүргізіп, тәжірибе алмасты. 

Ғалымжан Омаров, жетекші хирург, медицина қызметінің полковнигі: 

- Бұл шаралар біздер және жас дәрігерлер үшін өте  маңызды. Өйткені елге көмектесу бар және тәжірибе алмасу бар. Осындай көп жарақат болған жағдайда қандай көмек керек екенін, оған іріктеу жасау керек екенін білу керек. Жас дәрігерлердің, офицерлердің үйренгені өте дұрыс.

Хабар 24 телеарнасы