419,45 505.95 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ауғанстанда су тасқынынан қаза тапқандар саны артты

  • 272
  • UPD: 08:17, 28.08.2020
Ауғанстанда су тасқынынан қаза тапқандар саны артты

Соңғы мәлімет бойынша апаттан 150 азамат көз жұмған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Арасында балалар да бар көрінеді. Тағы 250-дей кісі жарақат алған. Одан бөлек, тасқын су жолдарды шайып, 1 жарым мыңнан астам үйді қиратқан. Өз кезегінде табиғат апаттарымен күрес министрінің орынбасары Мұхаммед Касим опат болғандар саны әлі де артуы мүмкін дейді.

Айта кетейік, қазір аймақта іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Оған әскерилер мен полицейлер жұмылдырылған.

Хабар 24 телеарнасы