424,02 504.55 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Испанияда 3 жарым мыңнан астам адамнан қауіпті вирус табылды

  • 308
  • UPD: 07:47, 28.08.2020
Испанияда 3 жарым мыңнан астам адамнан қауіпті вирус табылды

Испанияда коронавирус төңірегіндегі ахуал қайта ушықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы айда инфекциялық сырқатқа шалдығып, ауруханаға жатқызылғандар қатары артқан. Мәселен, соңғы бір аптада 1 жарым мыңнан астам адам емханаға түскен. Олардың жүзден астамы интенсивті терапия бөлімінде жатыр екен.

Айта кетейік, өткен тәулікте Испанияда 3 жарым мыңнан астам адамнан қауіпті вирус табылды. Ал одан бір күн бұрын 4 мыңдай адамның коронавирус жұқтырған. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, бұл осы аптадағы ең жоғары көрсеткіш екен.

Хабар 24 телеарнасы