421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та «Лаура» дауылынан қаза тапқандар саны артты

  • 118
  • UPD: 09:35, 28.08.2020
АҚШ-та «Лаура» дауылынан қаза тапқандар саны артты

АҚШ жағалауына соққан «Лаура» дауылы кем дегенде алты адамның өмірін қиды.

Бұл туралы NBC арнасы жергілікті билікке сілтеме жасап хабарлады.

Мәлімет бойынша төрт адам ағаштардың құлауынан қаза тапқан. Олардың арасында үш ер адам, сондай-ақ 14 жасар қыз бала бар. Тағы бір адам үйіндегі генератордан шыққан көмір қышқыл газына тұншығып көз жұмған, ал тағы бір жағдайда қайық суға аударылып, бір адам батып кеткен.

Ауа-райының қолайсыздығынан тұрғын үйлерге ғана емес, инфрақұрылым нысандарына да қатты зақым келген. Электр желілерінің зақымдануы салдарынан Техас және Луизиана штаттарында 600 мыңнан астам тұрғын жарықсыз қалды.

Хабар 24 телеарнасы