423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Әлемде коронавирусқа шалдыққандардың жалпы саны 24 млн-нан асты

  • 338
  • UPD: 10:57, 28.08.2020
Әлемде коронавирусқа шалдыққандардың жалпы саны 24 млн-нан асты

Әлемде соңғы бір тәулікте 267 мыңнан астам адам коронавирусты жұқтырып, індетке шалдыққандардың жалпы саны 24 миллионан асты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кеселден бір күнде тағы 4 мыңнан астам науқас көз жұмған. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді. Ұйым өкілдерінің айтуынша, індеттің таралуы көп елде қайта күшейе түскен. Науқастар саны бойынша АҚШ, Бразилия және Үндістан алда тұр. Бразилия мен Үндістанда дерт күн сайын ондаған мың адамнан анықталуда. Мысалы, Үндістанда бір күннің ішінде вирусты 76 мыңнан астам адам жұқтырып алған. Дерт шалғай ауылдарда да тіркеле бастаған. Халықаралық ұйым өкілдері кеселмен күресте тестілеудің маңыздылығын тағы ескертті.

Майк Райан, ДДСҰ-ның төтенше жағдайлар жөніндегі атқарушы директоры:

- Коронавируспен күресте адамдарды дертке қарсы тесттен өткізу ісі өте маңызды. Әсіресе мұндай шараның жылдам жүргізілгені тиімді. Себебі бұл – қазіргі кезде індетті бақылауда ұстаудың бірден бір басты жолы.

Халықаралық ұйым кеселмен күреске вакцинаның шешуші рөл ойнайтынын айтады. Мамандардың пікірінше, жұқпалы дертке қарсы тұру үшін әлемнің 70 процент халқы дертке қарсы егілуі керек екен. Бұл індетке қарсы ұжымдық иммунитетті қалыптастырып, індеттің таралуын тоқтатуы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы