420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италияда коронавирусты жұқтырғандар арасында жастар көп

  • 148
  • UPD: 10:57, 28.08.2020
Италияда коронавирусты жұқтырғандар арасында жастар көп

Апеннин түбегінде індет алғаш таралған көктем айларында вирус көбіне қарт адамдар арасында тіркеліп еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді дертке шалдыққандардың орташа жасы 29-ды құрап отыр. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі азаматтардан аурудың белгілері байқала салысымен жұмысқа бармай, үйде емделуге кеңес беруде. Ал соңғы тәулікте Италияда вирусты 1 жарым мыңнан астам адам жұқтырған. Бұл соңғы үш айдағы ең жоғарғы көрсеткіш.

Айта кетейік, Италияда індетке шалдыққандардың жалпы саны 264 мыңға жеткен.

Хабар 24 телеарнасы