426,25 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та дәрі-дәрмек дефициті туындады

  • 175
  • UPD: 10:57, 28.08.2020
АҚШ-та дәрі-дәрмек дефициті туындады

АҚШ-та коронавирус індетінен дәрі-дәрмек жетіспеушілігі сезіле бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы осы елдің Азық-түлік пен дәрі-дәрмекті санитарлық бақылау басқармасы мәлімдеді. Ресми өкілдердің айтуынша, соңғы айларда халық арасында антибиотиктер мен инемен салынатын дәрілерге сұраныс артқан. Мамандар бұл тұрғындардың препараттарды алдын ала көптеп сатып алуынан дейді. Осылайша дәрі-дәрмек дефициті туындай бастаған.

Еске сала кетейік, қазір әлемде вирусты ең көп жұқтырғандар осы АҚШ-та. Бұл мемлекетте дертке шалдыққандар саны 6 миллионға жуықтап қалған.

Хабар 24 телеарнасы