421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемде алғаш рет АИТВ жұқтырған науқас аурудан өздігінен жазылып кетті

  • 186
  • UPD: 10:13, 28.08.2020
Әлемде алғаш рет АИТВ жұқтырған науқас аурудан өздігінен жазылып кетті

Калифорния тұрғыны 66 жастағы Лорин Уилленберг ағзасы 30 жыл ішінде АИТВ-мен өздігінен күресе алған алғашқы адам болды.

Оған қатерлі диагноз 90-шы жылдардың басында қойылған. Бұл туралы Daily Mail зерттеу мәліметтеріне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Деректерге сүйенсек, әйел адам вирустан сауығу үшін ешқашан дәрі ішпегенін алға тартқан. Дәрігерлер оның ағзасы табиғи жолмен күрескенін айтуда.

Зерттеушілер Уилленбергті бірнеше жыл бойы бақылауда ұстаған. Өйткені оның иммунитеті вирусқа қарсы тұра алатындығы байқалған. Зерттеуге одан басқа тағы 63 адам қатысты, себебі олар ем қабылдамаса да, ағзасындағы вирустық жасушалар көбейе алмаған.

Алайда, ең таңқаларлығы диагноз қойылған сәттен бастап отыз жылдай уақыт өткен соң Лорин Уилленберг ағзасында АИТВ-ның іздері жоқтың қасы. Стандартты тестілер арқылы одан ауруды анықтау мүмкін емес. Мамандардың айтуынша, бұл оның функционалды түрде емделгендігін көрсетеді.

Уилленбергті енді АИТВ-дан жазылған науқастар қатарына қосуға болады. Бұл тізім өте қысқа, онда үш адамның ғана есімі бар.

Хабар 24 телеарнасы