420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та афроамерикалық Д.Блейкті атқан полицейдің кім екені белгілі болды

  • 117
  • UPD: 10:46, 28.08.2020
АҚШ-та афроамерикалық Д.Блейкті атқан полицейдің кім екені белгілі болды Gol.ru

АҚШ-тың Кеноша қаласында өткен жексенбі күні афроамерикалық Джейкоб Блейкті арқасынан 7 рет атқан полицейдің аты – Рустен Шишки.

Ол шаһар полициясында 7 жылдай жұмыс істеген. Бұл туралы осы штаттың прокуроры мәлімдеді. Қазір тәртіп сақшысы әріптесімен бірге қызметінен шеттетілген.

Еске сала кетейік, тамыздың 23-і күні күзетші болып қызмет еткен Джейкоб Блейк екі төбелесіп жатқан әйелді ажыратып, көлігіне оралмақ болады. Осы кезде оқиға орынына жеткен полицейлер Блейкті тоқтатуға әрекет жасап, арқасынан 7 рет атады. Кейін белгілі болғандай, Джейкоб тәртіп сақшыларына көлігінде пышақ барын айтқан. Оқиғадан кейін шаһарда жаппай наразылық басталып, полициямен қақтығыстар болды. Қазір жағдай біршама тұрақталған. Ал Джейкоб ауруханада емделіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы