424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та химиялық зауыт өртенді

  • 180
АҚШ-та химиялық зауыт өртенді

«Лаура» дауылы басып өткен Луизиана штатындағы химиялық зауыттың бірінде өрт шығып, хлор тарады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір апат аймағында мамандар жұмыс істеп жатыр. Оқиғаға байланысты штат губернаторы Джон Бэл Эдвардс тұрғындарға арнайы орындарға барып жасырынуға шақырды. Ал үйлерде қалған азаматтарға есік терезелерін жақсылап бекітіп, желдеткіштерді өшіріп тастауға кеңес берілген. Әзірге өрттің неден шыққаны белгісіз. Апаттың себептері тексеріліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы